Navigáció Navigáció

Press release Kazhac Press release Kazhac

Пресс-релиз 2010-09-15

Халықаралық дербес компьютерлерден құралған грид-жүйе федерациясы (International Desktop Grid Federation) миллиондаған адамдарға ғылыми зерттеулер жүргізуге үй комьютерлерінің есептеу күшінің бөлігін беруге көмектеседі.

Еврокомиссия вице-президенті Нейли Кроэстің пікірін келтірейік. Нейли Кроэс европалық электрондық коммерцияның, ақпараттық технологиясының және байланысының даму жоспарына алдығы он жылға жауапты. (Digital Agenda жоспары)

Амстердам, 2010-09-15. Қазірдің өзінде күн сайын ғылыми зерттеулерге жарты миллиондаған үй компьютерлерінің процессорлық бос уақыты бөлінеді. Бұл маңызды мәселелерді шешу үшін есептеу қуатына мұқтаж болып жүрген ғалымдарға елеулі көмектеседі. Мысалы энергетикалық кризисті жеңу, жаңа дәрілер жасау және аурулармен күресу. Дүние жүзінде компьютерлердің саны миллиардтан асып кетті, сондықтан ғалымдарға арналған есептеу қуатын жүздеген есе арттыруға болады. Бұл ғылыми зерттеулерді тездетеді. Амстердамдағы бүгін ресми түрде құрылған Халықаралық дербес компьютерлерден құралған грид-жүйе федерациясы (International Desktop Grid Federation, IDGF) мыналарға мүмкіндік береді: дербес компьютерлерден құралған грид-жүйенің пайдаланушылары мен бағдарламашыларын біріктіру(Volunteer Desktop Grids); ақпараттарды тарату мен оқумен айналысу; жаңа жобалардың басталуына көмектесу. IDGF EDGI мен DEGISCO қатысушылары жігерімен жасалған болса да ол барлық қалаушыларға ашық. Кімде-кім Desktop Grid-тен қалып қойғысы келмесе қосылуы тиіс. IDGF Еврокомиссияның сандық бағдарлама (Digital Agenda) бойынша вице-президенті Нейли Кроэстің 14 қыркүйек күні айтылған идеясын іске асыруға мүмкіндік береді: “Европалық ғалымдардың үлкен есептеу қуатына жол ашылуы оларға климаттың өзгеруі модельдеу мен денсаулық сақтау сияқты өте маңызды проблемаларды шешуге көмектеседі. European Grid Infrastructure Европаға әлем зерттеулеріне қосатын үлесін үлкейтеді және біздің ғалымдарға көмектеседі. Бұл электрді үнемдеуге және есептеу құнын азайтады. IDGF Volunteer Desktop Grids-тің European Grid Infrastructure-ге байсылды енуіне көмектеседі . Desktop Grid технологиясы жай тұрған дербес компьютерлердің есептеу қуатын, қиын есептерді шешуге жағдай туғызады. Desktop Grid бір мекемемен ғана шектеліп қолданылады немесе бір қаланың, мемлекеттің, тіпті бүкіл әлемнің ерікті қатысушыларын біріктіреді. Desktop Grid инфраструктурасын күшейту мен оған арналған бағдарламалар жазу оңай іс емес. Сол себепке орай IDGF құрылды. IDGF сыймен келген керемет есептеу қуатын қолдануға және тәжірибелерімен алмасуға қызығушы мекемелер, жоғарғы оқу орындар, зерттеу институттар адамдарын біріктіру ұжымы.

Өзінің қатысушыларына федерация бірнеше қызмет көрсетеді: семинарларда бетпе-бет кездесу, құжаттамаларға, форумға, веб-порталға және эксперттердің кеңесіне жол ашу. IDGF мүшелері Desktop Grid саласына жиналған тәжірибелерді қолдана алады, немесе тәжірибелі қатысушылар мен бағдарламаушылармен байланысқа түсе алады немесе жеке кездесе алады.

IDGF кұрған кездесулерде, семинарларда және конференцияларда қатысушылар коллегалармен кездесіп, гридтан жеткен жетістіктері мен өздерінің проблемалары жайлы сұхбаттасады. IDGF оқу курстарын жүргізеді және бастапқы нұсқаудан бастап Desktop Grid-ті қолданыстағы есептеу инфраструктурасына енгізуге дейін оқу материалдарын таратады. IDGF мамандары үнемі Европа мен басқа мемлекеттерде семинарлар мен практикалық сабақтар жүргізіп тұрады. Гридпен жұмыс істегенде немесе оған бағдарлама жазғанда, IDGF мүшелігі техникалық көмек көрсетуге бағытталған. Ерекше мәселелерді шешу үшін, бағдарлама мен түрлі проектілерден эксперттер көмек көрсетеді. Жеке компьютерлер гридін басқа грид-системалармен енгізу, бұлттық жүйе платформасы немесе басқа параллельденген инфрақұрылымдармен қосу туралы сұрақтарға жауап береді.

IDGF интернет-бірлестігі, бірлестік мүшелеріне интерактивті Web-портал мен түрлі тілдерде жазылған материалдарды қарауға мүмкіндік береді. Порталда жеке компьютерлер гридін талқылауға арналған форум жұмыс істейді. IDGF басты мақсаты – осы бағыттағы дүние жүзілік тәжірибеге сүйене отырып, дүние жүзіне жеке компьютерлер гридін тарата білетін, эксперттердің бірлестігін құру.

Қазіргі кезде IDGF бірлестігіне 20 мекеме кіреді (60 адам). Қазірдің өзінде потенциалды қатысушылар IDGF порталында көптеген керекті деректер таба алады. Жақында біздің одақ тез оркендеуін күтудеміз. Проектінің жақындағы мақсаттары ол келесі екі жыл ішінде, есептейтін компьютерлер санын кем дегенде он есе ұлғайтып, жеке компьютерлі грид арқылы ғылыми зерттеулер рөлін ұлғайту.

Бул релизді тағы, сандық инфрақұрылымды өрістету программасының комиссиясының вице президенті Нейли Кройстың мәлімдемесімен толықтыруға болады: «Евроодақтың грид проектісі, барлық европпалық зерттеушілерге 200000 компьютерлер беретін есептеу күш қуатын береді.» http://europa.eu/rapid/pressReleasesAction.do?reference=IP/10/1119&format=HTML&aged=0&language=EN&guiLanguage=en. Кроес европпалық грид инфрақұрылымының (EGI) : EGI-Inspire проектісіне демеу беретінін анонстады. EGI – ді ғылыми бағыттағы, еуроппадағы ең негізгі есептегіш инфрақұрылым деп санауға болады. Сондықтан, Volunteer Desktop Grids EGi-ға қосылуы өте маңызды. IDGF болса, өзі қолдап отырған екі проект (EDGI, DEGISCO) арқасында қосылып отыр. Мысалы, EDGI EGI-Inspire мен бірге европпада жалпы есептеу инфрақұрылымды құруда болып табылады.

Толығырақ мәліметті келесі сайттан біле аласыз: http://desktopgridfederation.org

Редакторларға арналған мәлімет

-----------------------

Қалған информация IDGF/DEGISCO/EDGI Dissemination Manager
Ad Emmen
E-mail: info at almeregrid.nl
Phone: +31 653622098

IDGF бас демеушілері EDGI және DEGISCO проектілері. EDGI проектісі MTA SZTAKI қоластындағы евпроппалық зарттеу проектісі болып табылады және (European Commission's FP7 IST Capacities Programme) зерттеулер мен технологиялық даму бойынша Евро Одақтың 7-ші рамалық программасы бойынша (RI-261556) грантының қолдауымен жұмыс атқарып жатыр. DEGISCO проектісі, 7-ші Рамалық программасының, RI-261561 грантына ие болып, MTA SZTAKI басшылығы бойынша жұмыс істеуде. EDGI проектінің координаторы Prof. Peter Kacsuk
E-mail: kacsuk at sztaki.hu
Phone: +36 1 329 7864

DEGISCO проектінің координаторы Dr. Robert Lovas
E-mail: rlovas at sztaki.hu

Phone: +36 1 329 7864